Атырау, 3 тамыз 22:43
 дождьВ Атырау +32.9
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94

Индер трассасында полицейдің «фольксваген» көлігі мен «тойота» соғысты

Сурет
5 082 рет қаралды


Бүгін, 18 қыркүйекте сағат 10:36-да Атырау-Индер трассасында жол-патруль қызметінің арнайы көлігі мен Toyota Hilux соқтығысты.

- Toyota Hilux көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Volkswagen Polo маркасындағы полицияның патрульдік қызметінің қызметтік көлігімен соқтығысқан, - деп хабарлады Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Нәтижесінде полиция лейтенанты мен кіші лейтенанты, сондай-ақ Toyota Hilux жүргізушісі жарақат алып, облыстық ауруханаға жатқызылды. ҚР ҚК-нің 345-бабы (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Оқиға орнында Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.

Фархат ӘБІЛОВ

Куәгерлер жолдаған суреттер

18 қыркүйек 2019, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.