Атырау, 26 желтоқсан 13:29
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

"Зүлфия төрт күннен кейін қайтып келеді"

2 708 просмотра

АСТАНА. 23 қазан.BAQ.KZ - Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Қайрат Тұрлыханов Зүлфия Чиншанлоның Қытайға кетіп қалғанын жоққа шығарды. Бұл туралы «Аламан» спорт агенттігі жазды.

Федерация басшысы: « Мая Манеза мен Зүлфия Чиншанло Қытайға туысқандарына кеткен еді. Манеза қазір елге қайтып келді. Ал Зүлфия 27 қазан күні оралуы тиіс. Ұшаққа билеті сол күнге белгіленген. Қытайлық басылымдағы ақпарат жалған», - деген.

Сонымен қатар, Чиншанлоның Қытайға кетіп қалғанын Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясының Бас хатшысы Меңдіхан Тәпсір де жоққа шығарып отыр.
«Чиншанло мен Манеза Қытайға демалуға кетті. Олардың Қытайға біржолата кетуі жөнінде әңгіменің еш негізі жоқ. Әзірше біз Чиншанломен хабарласып отырмыз. Көп кешікпей Мая Манезамен де байланысқа шығып, бұндай қауесеттің қытайлық БАҚ-та қайдан пайда болғанын анықтайтын боламыз. Тағы да қайталап айтамын, Чиншанло мен Манеза еліміздің туының астында өнер көрсететін болады», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қытайдың «Sohu.com» ақпараттық сайты бүгін Зүльфия Чиншанлоның Қытайға қайта оралып, 2016 жылғы Олимпиадаға Қытайдың атынан шығуға ниетті екендігін жазған болатын.
Сондай-ақ, Қытайдың ең ірі ақпарат агенттігі «Синхуа» да Зүлфиямен сөйлесіп үлгергенін, оның «Қытай атынан Олимпиада алтынын алу - ең үлкен бақытым» дегенін де жазды.

Айтпақшы, Зүлфияның жеке жаттықтырушысы Виктор Ни де оны таба алмай отырғанын айтқан еді.

Дереккөз: baq.kz

23 қазан 2012, 13:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.