Атырау, 27 сәуір 08:32
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Бір топ священник "Мәскеу ісі" бойынша сотталғандарды қолдап, ашық хат жазды

2 460 просмотра

Мәскеудегі "рұқсат етілмеген акцияда" арнайы жасақ өкілдері азаматтарды ұстап жатыр. 27 шілде 2019 жыл.

Ресей және украиналық православ шіркеуінің отыздан астамы священнигі "Мәскеу ісі" бойынша сотталғандарды қолдап, ашық хат жазды. Хат мәтіні "Православие и мир" басылымының сайтында жарияланды.

Дін қызметшілері хатта "Ресей соты тіпті одан да ауыр қылмыс бойынша айыпталғандарға жұмсақ үкім шығарып жатқан тұста" "Мәскеу ісі" бойынша сотталғандарға судьяның тым қатаң жаза беруінің себебін түсінбей отырмыз" деп жазған.

Хат авторлары "митинг өткізу ережесін бірнеше рет бұзғаны үшін" төрт жылға сотталған белсенді Констиантин Котов пен "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" деп айыпталған Алексей Миняйлоны ерекше атап өткен. Олар Миняйлоны "қоғамдық-қайырымдылық істерге белсене атсалысып жүрген дін жолындағы адам" деп сипаттаған.

Священниктер хатта "өтірік куә бергендердің бұл дүниеде жазасыз қалмайтынын" да ескерткен. 52 дін қызметшісінің қолы қойылған хатта олар "Мәскеу ісі" бойынша сотталғандардың үкімінің қайта қаралуын талап еткен. Қол қою әлі жалғасып жатыр.

Шілде айының соңында Мәскеу тұрғындары "рұқсат етілмеген митингіге" шығып, "тәуелсіз кандидаттарды қалалық дума сайлауына жіберуді талап еткен". Бұл акция кезінде полиция 1300-ден астам адамды ұстады. Екі күннен соң тергеу комитеті "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру" ісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл іс қоғамда "Мәскеу ісі" деген атпен белгілі.

Константин Котов - осы іс аясында айыпталып, сотталған белсенділердің бірі. Қыркүйек айының басында Тверь соты "бірнеше рет митинг өткізу ережесін бұзғаны" үшін төрт жылға соттаған. Ол бұған дейін саяси тұтқындарды қолдап, жалғыз адамдық акция да өткізген.

Дереккөз: azattyq.org 

18 қыркүйек 2019, 11:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.