Атырау, 1 қаңтар 07:34
 ашықВ Атырау -3
$ 505.53
€ 593.44
₽ 6.34

Еуропарламент Ұлыбритания болашағына алаңдаулы

3 096 рет қаралды

Көрнекі сурет. https://www.vaticannews.va

Еуропарламент өкілдері Brexit келісімі бойынша арнайы жиын өткізіп, Ұлыбританияның одақ құрамынан шыққаннан кейінгі жоспарларын талқыламақ. Еуродепутаттар Британия болашағына: экономикалық жағдай, Солтүстік Ирландиямен кедендік мәселе, халық толқулары және үкіметтегі саяси қиындықтарға алаңдаушылық білдіріп отыр. 

Парламент жұмысын 14 қазанға дейін уақытша тоқтатқан премьер-министр Борис Джонсон Қауымдар палатасының қарсылығына қарамастан, Brexit-тің қалай да жүзеге асатынына сенім білдіріп отыр. Ұлыбритания ЕО-дан биыл 29 наурызда, яғни қауымдастықтан шығу туралы жазбаша хабарлама берілгеннен кейін екі жыл өткен соң кетуі керек еді. Алайда британ Парламенті Қауымдар палатасының депутаттары Брюссель мен бұрынғы премьер-министр Тереза Мэй үкіметі арасында қол жеткізілген Brexit шарттары туралы келісімнің жобасын үш рет кері қайтарған. Нәтижесінде Еуропалық одақ Brexit-ті алдымен сәуір немесе мамырға, содан кейін 31 қазанға бекітуге келісті. Санаулы ждылдар ішінде бірнеше қиындыққа тап болған Мэй үкіметті тығырықтан шығара алмай, отставкаға кетуге мәжбүр болды. 

Дереккөз: qazaqtimes.com 

18 қыркүйек 2019, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.