Атырау, 27 қараша 08:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Порошенконың басты активі бұғатталды

2 263 просмотра


Киев аудандық соты Украинаның экс-президенті Петр Порошенконың активтеріне кіретін «Рыбальскийдегі Кузница» зауытының мүлкі мен корпоративтік құқықтарына тыйым салды. Бұл туралы Виктор Януковичтің президенттік кезінде оның әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымын атқарған заңгер Андрей Портнов хабарлады. 

«Печерский соты Порошенкоға тиесілі басты активердің бірі «Рыбальскийдегі Кузница» зауытының корпоративтік құқығына тыйым салды», – деп жазды ол өзінің Telegram парақшасында. Петр Порошенко 18, 27 қыркүйек пен 3 қазанда ГБР-дың кезекті жауап алу процесіне шақыртылған. Украинаның экс-президенті «Рыбальский Кузница» зауытын сату, сонымен қатар, «Прямой» телеарнасын сатып алу – сату кезінде салық төлеуден жалтару ісі бойынша мембюроға екі рет жауап берді. Қазіргі уақытта Порошенкоға бірқатар қылмыстық істер, атап айтқанда мемлекеттік опасыздық, қызмет бабын асыра пайдалану, қылмыстық кірістерді заңдастыру, салықтан жалтару, сот билігін узурпациялау әрекеті және Украина министрлер кабинетінің 2016 жылы Жоғарғы Рада коалициясы болмаған кезде заңсыз тағайындау істері бойынша тергеу жұмыстары басталған. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com

18 қыркүйек 2019, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.