Өзбекстан экс-ханшайымы Гүлнара Кәрімованы белгісіз бағытқа алып кетті. Бұл жөнінде оның адвокаты Грегуар Манжа мәлімдеді.
Грегуар Манжа өзінің «Twitter» парақшасына «Гүлнара Кәрімованы қыркүйек айының 16-ы күні Яшнабад аудандық сотынан белгісіз бағытқа алып кетті. Өзбекстандық адвокат бұл сот процесі туралы бүгін естіген. Гүлнараның қызын сот залына кіргізбей қойған. Осыдан екі апта бұрын сотқа қатысу жөніндегі менің өтінішім қабылданбады» - деп жазды.
Тамыз айында Өзбекстан Бас прокуратурасы Гүлнара Кәрімованың үстінен қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеген. Онда оған «мемлекет қаржысын жымқырды және Өзбекстан мүддесіне қарсы келетін келісімдер жасады» деген айыптар тағылған. Кейіннен Гүлнара Кәрімованың қызы Иман Кәрімова жаңадан тағылған айыптарды «саяси қойылым» деп бағалаған.
Дереккөз: Qazaqtimes.com