Атырау, 26 желтоқсан 13:35
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Бұрынғы жерлесіміз 12 жылға сотталуы мүмкін

1 869 просмотра

АҚШ азаматтығын қабылдаған  қазақстандық иммигрант Александр Фишенко Бруклиндегі Федералдық сот алдында жауап бере бастады. Жергілікті әділет органдарының мәлімдеуінше, 46-жастағы миллионер Ресейге әскери құпияларды сатуы мүмкін.

Сонымен қатар, Фишенко ақша бопсалап, Ресей үкіметінің тіркелмеген агенті қызметін атқарды деген күдік те бар. Жалпы алғанда бұл іс бойынша, 11 адам тұтқындалды. Ал Фишенконы ФБР Хьюстондағы электроникалық компания кеңсесін тінту кезінде қолға түсірді. Егер қылмысы дәлелденсе, бұл азамат 12 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Дереккөз: kaztrk.kz

23 қазан 2012, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.