Атырау, 26 желтоқсан 13:40
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Виктор Ни: Зүлфияны өзім де таба алмай отырмын

2 050 просмотра

Бірер сағат бұрын Лондон Олимпиадасында Қазақстан құрамасы үшін өнер көрсетіп, чемпион атанғаны үшін қомақты ақша мен сыйлықтардың «астында» қалған, Елбасының қолынан екінші деңгейлі «Барыс» орденін иемденген Зүлфия енді Қытай құрамасы үшін өнер көрсететін болды деген ақпаратты жариялаған едік.  

Мәселенің мән-жайын анықтап, кешегі Лондон Олимпиадасында Зүлфиямен бірге қуанған қалың жанкүйерге нақты ақпарат беру үшін біз ҚР Ауыр атлетика федерациясына хабарластық. Ондағылар жаңалықтан бейхабар отырған соң, бас жаттықтырушы Алексей Ниге телефон шалған едік, одан түк шықпады. Белгісіз себептерге байланысты Алексей Ни телефон қоңырауына жауап бермеді.

Оның есесіне Зүлфияның жеке жаттықтырушысы Виктор Нимен сөйлесудің сәті түсті. Таң қалдық. Жеке жаттықтырушы Зүлфияны өзі «таба алмай отырғанын», тіпті оның ешқандай байланыс телефоны жоқ екенін жария етті.

«Мен Зүлфияның өзімен сөйлеспейінше, ешқандай түсініктеме бере алмаймын. Мен бұл жаңалықты әлі естіген жоқпын. Зүлфия маған ештеме айтпай кетіп қалды ғой. Менде тіпті оның байланыс телефоны жоқ. Сондықтан, қайталаймын, онымен сөйлеспей тұрып ешқандай түсініктеме бере алмаймын», - деді В.Ни.

Естеріңізге сала кетейік, Қытайдың «Sohu.com» атты ақпараттық сайтының бүгінгі санында Зүльфия Чиншанлоның Қытайға қайта оралып, 2016 жылғы Олимпиадаға Қытайдың атынан шығуға ниетті екендігін жазған.

Дереккөз: bnews.kz

23 қазан 2012, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.