Атырау, 27 қараша 09:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Өзбекстан ас пен тойға шектеулер қойған заң жобасын бекітті

4 289 просмотра


Өзбекстан парламенті үйлену тойын, мерекелік шаралар және жерлеу рәсімдерін ретке келтіретін заң жобасын бекітті. Бұл заң жобасында ас пен тойда шақырылатын адам санына, өткізілген және ас пен той үшін кредит алуға шектеу қойылған. 

Жаңа ережеге сай, Өзбекстандағы барлық той салттары кешкі 18:00 мен 23:00 арасында өткізілуі керек. Жерлеу және аза тұту салттары ең ұзақ болғанда үш күнге дейін жалғасуы керек. Бұған қоса, салтанатты дастархандарға шақырылған қонақтардың саны 200-ден аспауы керек. Ал, үйлену тойының қонақтары 250-мен шектеледі. Ал, жерлеу салтына жиылған адамдардың санына шектеу қойылмайды. 

Өзбек елінің жаңа заңында, Үйлену тойындағы салтанатты кортеждегі көліктердің саны үштен аспауы керек және үйлену тойының болатыны туралы жергілікті өзін-өзі басқару органдарына хабарлануы тиіс. Бұған қоса ас пен той үшін кредит алуға қатаң тыйым салынған. Өзбекстан қабылдаған заңда тағы да: «Ұлттық салт-дәстүрге сай келмейтін, шығыны көп ырым-жырымдарға да жол берілмейді», – деп жазылған. Бұл бойынша, «Күйеу көру», «Құда шақыру», «Келін шақыру» секілді толып жатқан шығыны мол ырым-жырымдарға шектеу қойылған. Өлім жөнелту салттарына да осындай шектеулер қойылған, өзбек заңы бойынша «жетісі», «қырқы», «жылдығы», «жыртысы» деген ырымдарға тыйым салынды. 

Заң жобасы талқыланған кезде өзбек депутаттары ел азаматтарының бәсекеге салынып, қарызданып, шығындалып той-томалақ өткізіп соңында қарызға бату үрдісінің артқанын көбірек алға тартқан. Әрі, кейбір ырым-жырымдар өзбектің салт-дәстүріне де жатпайтынын атады. Той-томалақ өткізу үшін қарызға батқандардың, отбасын тастап ақша табу үшін шетелге кеткендерден де мысалдар қайырылды. Не керек, өзбек Парламентті осындай жаңа заң қабылдап, елдің «асса-төк» сырапшылдығын шектемек. Ең маңыздысы, заң жобасының қаншалықты атқарылуында. Қазірше, заңның қатаң атқарылуына жергілікті құқық қорғау органдары бақылау жүргізеді. Кейбір пікірлерге назар аударар болсақ, «шаш ал десе бас алатын» өзбекстандық құқық қорғау саласы аталған заң жобасын асыра пайдалануы да мүмкін дейді. 

Дереккөз: qazaqtimes.com

17 қыркүйек 2019, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.