Атырау, 27 қараша 09:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Сауд Арабиясына жасалған шабуыл әлем нарығына кері әсер ете ме?

2 392 просмотра


Сауд Арабиясының мұнай компаниясына жасалған шабуыл әлемдегі мұнай бағасының көтерілуіне себеп болған. Сенбіде Йеменнің хусит күштері Сауд Арабиясының ұлттық мұнай компаниясының нысандарына шабуыл жасады. 

Нәтижесінде мұнай бағасы 5 пайызға қымбаттады. Батыстық ақпарат құралдарының хабарына қарағанда, бүгін «Брент» маркалы мұнай бағасы 19 пайызға дейін қымбаттап, 71,95 доллар бағаны көрсеткен. Ал, West Texas Intermediate мұнайының бағасы 15 пайызға қымбаттап, әр баррелі 63,34 долларды құраған. АҚШ президенті мұнай бағасындағы жағдайды ретке келтіру үшін АҚШ мұнай қорын пайдалануға бұйрық берген. Осыдан кейін мұнай бағасындағы аласапыран жағдай азда болса оңалған. Сенбідегі шабуылда әлемдегі мұнай өңдеуші ең ірі зауыт нысанаға алынған. АҚШ Мемлекеттік департаменті шабуылдың артында Теһран тұрғанын айтты. Алайда, Иран үкіметі бұл айыптауды жоққа шығарып, «АҚШ-тң алдамшылығы» деп сынға алды. 

Мәліметтерге қарағанда, Сауд Арабиясының мұнай нысандарының қалпына келіп, мұнай өңдеуге кірісуіне бірнеше апта уақыт бар. Сауд Арабиясы әлемдегі ең ірі мұнай өңдеуші ел ретінде күніне 7 млн баррель мұнай шығарады. Сауд билігі шабуылдың зардаптары туралы толықтай мәлімет беруден бас тартуда. Елдің Энергетика министрлігі болса өндірістегі тапшылықты резервтегі мұнай арқылы толтыруға шешім қабылдаған. Халықаралық сарапшылар сенбідегі шабуылдың Орта Шығыстағы дағдарысты күшейткен аса салмақты оқиға деп қарайды. 

Сонымен бірге, шабуылдың әсерінен халықаралық мұнай бағамы бір аптаға дейін астаң-кестең күйге түседі деп болжайды. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com

16 қыркүйек 2019, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.