Атырау, 18 желтоқсан 20:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Халық Қосановты кешіре ме?», «"Нақты талап пен тақырып жоқ": Саясаттанушы елдегі митингілер туралы айтты»,«Сарапшылар: "Жер мәселесін халықпен кеңесіп шешу керек"», «Талғат Аян: Бейбіт митингіге мүмкіндік бермеу - биліктің үлкен қатесі​».

3 187 просмотра

AZATTYQ.ORG «Сарапшылар: "Жер мәселесін халықпен кеңесіп шешу керек"» - Қырғызстан 413 гектар жерін Өзбекстанға беріп, одан сонша көлемде жер алмақшы деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі. Қырғыз үкіметінің өкілдері бұл мәселені ерте ме, кеш пе, бәрібір шешуге тура келетінін айтады. Сарапшылар жер мәселесін халықпен кеңесіп шешкен дұрыс деп ескертеді.

«Талғат Аян: Бейбіт митингіге мүмкіндік бермеу - биліктің үлкен қатесі» - Биыл шілде айында сот шешімімен бостандығын шектеу жазасы мерзімінен бұрын аяқталған атыраулық белсенді Талғат Аян Азаттыққа сұхбатында қазіргі қоғамдағы ахуал, түрмедегі жағдай және Макс Боқаевпен кездесуі жайлы айтты.

ABAI.KZ. «Реформаңызды әуелі баспасөздегі сынға жауап беруден бастаңыз, Ерлан мырза!» - Қазір қазақ қоғамы қабағын түйіп қарайтын қос қызмет болса, соның бірі полиция. Өкінішті, алайда шындық. Бұл шындықты Ерекең (Ерлан Тұрғымбаев) басшылық ететін министрліктің (ҚР ІІМ) өзі де мойындайтын болса керек.

«Тіл білместік...» - Қазақта «Уызына жарымаған» деген сөз бар. Уыз – жаңа төлдеген малдың желін сүті мен жаңа босанған әйелдің алғашқы емшек сүті. Қазақ жаңа туған төлді де, жаңа туған сәбиді де алғашқы сол уыз сүтке жарытып, әбден тойдырып емізуге ден қойған. Өйткені «уызына жарымай өскен төл де, уызына жарымаған бала да өсе келе  аурушаң болады»,– деген ұғым қалыптасқан.

SPUTNIKNEWS.KZ «"Нақты талап пен тақырып жоқ": Саясаттанушы елдегі митингілер туралы айтты» - Биыл митингілер туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр. Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген сарапшылар осы мәселеге қатысты өз ойларын айтты.

 DALANEWS.KZ.  «Халық Қосановты кешіре ме?» - Сайлаудан кейінгі сөз халыққа берілді. Тоқаевты құттықтау. Алыстағы Әблязовқа шүйлігу. Сайлаудағы сәтсіздікті бойкотшылардан көру… Қосановтың осы күнге дейін ел үшін жасаған титтей жақсылығы болса, сайлаудан кейін соның бәрі ұмытылды. Бір-ақ күнде. Жуылып-шайылып кетті.


16 қыркүйек 2019, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.