Атырау, 26 желтоқсан 13:23
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Атышулы "Челах ісіне" қатысты тағы дау шықты

2 344 просмотра

Атышулы "Челах ісіне" қатысты тағы дау шықты. Қорғаушы Серік Сәрсеновтың айтуынша, "Сары-Бөктер" шекара бекетінің басшысы Алексей Фоминнің ісіне қатысты ақпараттардың құпия сақталуы, заңға қайшы. Естеріңізге сала кетейік, "Арқанкерген" қырғынынан кейін "Сары-Бөктер" шекара бекетінің басшысы Алексей Фоминге қатысты қылмыстық іс қозғалып, оған "бекетпен байланыс болмағанын қасақана жасырды және оның себептерін анықтау, қалпына келтіру үшін шара қолданбады" деген айып тағылған болатын.

"Алексей Фомин ісінің құпия сақтаулы, жалпы шекара қызметіндегі орын алған бассыздықтарды жасыру үшін әдейі жасалып отыр" дейді Серік Сәрсенов. Сондай ақ, оның пікірінше, Фомин ісінің  жеке өндіріске бөлінуі де заңға қарсы жасалған әрекет. "Себебі, Челахтың ісі мен Фоминнің қимылы бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан, бөліп қарауға болмайды" дейді ол.  Ал, бұған дейін Алексей Фоминнің қорғаушысы Азат Файзуллаев, "Сары-Бөктер" шекара бекетінің басшысына қатысты іс құпия болғандықтан, қандай бір ақпарат беруге тыйым салынады деген еді. Алайда, Серік Сәрсенов: "Біз қанша тырысқанымызбен Челахтың бәрібір сотталатындығына күмәнім жоқ" деп отыр.

Дереккөз: 31 арна

23 қазан 2012, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.