Атырау, 24 қараша 06:32
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алаңда адасқан балалар табылды

3 235 просмотра


2 қыркүйекте Атырауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығы атап өтілген күні орталық алаңда 93 бала жоғалған. Алаңға мерекені тамашалауға көп адам жиналған. Бірақ, бақтарына орай, көп ұзамай адасқан балалардың барлығы табылды.

- Исатай мен Махамбет алаңында орналасқан стационарлық полиция пунктіне бір тәулік ішінде жақындарын жоғалтқан жүзге жуық адам жүгінді. Алаңға барған полицейлер азаматтардың өтініштері бойынша жедел әрекет етіп, балаларын жоғалтқан 93 ата-анаға көмектесті, - деп хабарлады Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Алаң маңындағы жаңа стационарлық пункт осы жылдың шілде айында ашылған. Ол жерде жеке бөлме бар, онда балалар кезекші полицейге хабарлап, жақындарын күткен. Бұдан басқа, пункт қылмыс картасымен, заманауи құрал-жабдықтармен, компьютермен және ҚР ІІМ арнайы базасымен жабдықталған.

Фархат ӘБІЛОВ

16 қыркүйек 2019, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.