Атырау, 17 қыркүйек 02:37
 дождьВ Атырау +22.4
$ 444.88
€ 513.26
₽ 5.28

Испанияда су тасқынынан қаза тапқандардың саны артты

2 565 рет қаралды

Фото: Euronews

Испанияның оңтүстік-шығысындағы су тасқынынан қаза тапқандардың саны 6-ға жетті. 3 жарым мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген. 

Табиғат апаты жайлаған аудандарды премьер-министр Педро Санчес аралап шығып, қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтты. Жапа шеккендерге мемлекет тарапынан жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді. 

Еске сала кетейік, Испанияның оңтүстік-шығысында бірнеше күн  жаңбыр толассыз жауып, оның соңы су тасқынына ұласты. 2 күннің ішінде бір айлық жауын жауған. Табиғат апатынан әуежайлар жабылып, темір және тасжолдар бүлінген. Қазір тасқын судың беті қайтып, мамандар қалпына келтіру жұмыстарына кіріскен.

Дереккөз: 24.kz 


16 қыркүйек 2019, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.