Иран АҚШ әскери базаларын бомбалауға дайын. Иран Ислам революциясын қорғау корпусының әуе-ғарыш күштерінің басшысы Әмір Әли Хаджизаде Теһран АҚШ әскери базаларын бомбалауға дайын екендігін мәлімдеді.
Оның сөзінше, Иран зымырандарын ел шекарасынан 2 мың шақырым жерде орналасқан нысандарды атуға қауқарлы. «Барлығы білуі тиіс, 2 мың шақырым қашықтықта орналасқан АҚШ базалары мен әскери кемелірі Иран зымырандарының бақылауында. Иран Парсы шығанағында АҚШ ұшқышсыз ұшағын атып түсіргеннен кейін, Пентагонның Катардағы әл-Удейд және БАӘ аз-Зафра әскери базалары Теһран зымырандарының нысанасында. Біз АҚШ тарапынан қандай да бір қарсы әрекет болса, соққы жасауға дайынбыз» - деді Хаджизаде. Естеріңізге салайық. мамыр айында АҚШ Иранмен арадағы ядролық келісімнен шыққан. Теһран Уашингтон санкцияларына қарсы ядролық келісім шарттарын орындаудан бас тартқан. Парсы шығанағындағы көзқарастар қайшылығы бұрын соңды болмаған жағдайға жетіп, соғыс өрті тұтанудың азақ алдында тұр.
Дереккөз: Qazaqtimes.com