11 қыркүйекте Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде Фариза ОҢҒАРСЫНОВАНЫҢ 80 жылдығына арналған «Патша сөздің Фаризасы» апталығы аясында «Ар мен Ақын» мелодрамалық қойылымының премьерасы өтті. Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрының әртістері қойған пьесада әдебиетке жаңа келген жас ақынның өзін-өзі іздеуі, шығармашылық талпыныстары суреттелген.
Қойылым оқу орны аудиториясы ішіндегі жас ақындардың пікірталасымен басталады. Махаббат, достық, еркіндікті аңсау сияқты сезімдер Фаризаның өлеңдерімен астаса өрнектелген.
Пьесаның авторы, жергілікті ақын Әлия ДӘУЛЕТБАЕВА:
- Қойылымда шығармашылық адамның психологиясы мен жан дүниесін қалың көпшілікке ұсынғымыз келді.
Әсем ЖОЛДЫБАЕВА
Суреттерді түсірген автор