Атырау, 22 қараша 15:20
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Зүлфия Чиншанло Қазақстанды тастап кетті

1 901 просмотра

Қытайдың «Sohu.com» атты ақпараттық сайтының бүгінгі санында Зүльфия Чиншанлоның Қытайға қайта оралып, 2016 жылғы Олимпиадаға Қытайдың атынан шығуға ниетті екендігін жазыпты. Бұның авторы Чаң Ша қаласы газетінің тілшісі Шияң Чунь есімді қытайлық журналист. 

Онда былай деп жазылған:
«Биыл Лондон Олимпиадасында алтын медаль алған Зүлфия естеріңізде болар. Иоң Джоу Дао ауданында туылған зілтемірші қыздың шын аты Джао Чаң Лиң, ол бірнеше күн бұрын туған жеріне оралды. Ол Қазақстанның төлқұжатын алғанымен, ағымдағы жылдың 22 қазан күні Чаң Ша қаласы, Иу Хуа қаласының полиция басқармасына барып жеке куәлік жасатты. Ол сондай-ақ, сол өлкелік зілтеміршілердің құрамында тізімделіп қойған. Қазақстан атынан Олимпиадаға қатысқан 19 жастағы қыз елге оралды» деп жазады.
Сондай-ақ, мұнда Зүлфияның өзінің сөзі жарияланған:
«Елге оралғаныма қатты қуанып тұрмын. Себебі, Джиа тәрбиеші мен Джоу жаттықтырушымен бірге болатын болдым. Одан да маңыздысы, мен кез-келген уақытта ащы тағамдар жей алатын болдым», - деп ағынан жарылыпты.
«22-қазан күні таңғы сағат 10 шамасында Джао Чаң Лиң (Зүлфия) өлкелік зілтеміршілер федерациясының бастығы Джоу Джүн Фумен кездесіп, өзінің елге оралғаннан кейінгі сезімімен бөлісті» делінген әлгі ақпаратта.

Дереккөз: baq.kz

23 қазан 2012, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.