Атырау, 24 қараша 07:41
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Италиядағы жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратқан сейсмологтар абақтыға жабылды

2 833 просмотра

2009 жылы болған жер сілкінісінің қаупін дұрыс бағаламағаны үшін Италия соты алты сейсмолог пен бір шенеунікті абақтыға жабу туралы шешім шығарды. Аквила қаласының маңында орын алған табиғат апатынан 309 адам көз жұмған болатын, деп хабарлайды РБК

Ғалымдар мен әкімшілік өкілі «қасақана өлтірмеген» деген бап бойынша кінәлі деп танылды. 6 жыл бас бостандығынан айыру үкімінен өзге, айыптылар азаматтық жазаға да тартылды: олар енді мемлекеттік қызметке тұру құқығынан айырылады. Сондай-ақ, 9 млн еуро айыппұлды өтеулері керек.

ВВС хабарлағандай, сотталушылардың қорғаушылары сот үкімін «өте әділетсіз» деп отыр. Заңгерлер қайтадан шағым жасап, айыпталушыларды ақтап алуға барын салмақ. Қорғаушы тараптың пікірінше, ғылымның қазіргі даму деңгейінде нақты сейсмологиялық болжам жасау мүмкін емес.

Италия заңдары бойынша, шығарылған үкімге шағым арыз берудің барлық мүмкіндіктерін қарастырғанша, айыпталушылар бостандықта жүре алады.

Еске сала кетсек, Аквиладағы жер сілкінісі 2009 жылы 6 сәуірде орын алған болатын. 6.7 магнитудалы жер дүмпуі орын алардан бір апта бұрын комиссия қалаға еш қауіп төніп тұрған жоқ деген қорытынды жасады. Сотталғандардың барлығы халыққа жалған ақпарат бергендердің арасында болған.  

Дереккөз: bnews.kz

23 қазан 2012, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.