Атырау, 24 қараша 06:31
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Өрт қауіпсіздігі тексерілді

4 781 просмотра


Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті жыл басынан бері 300-ге жуық балабақша мен мектепті өрт қауіпсіздігі бойынша тексерді. Осындай 32 нысанды тексеру сол жерде жөндеу жұмыстары аяқталғанша кейінге қалдырылды.

- 174 нысанда заң бұзушылықтар анықталды, басшыларына оларды жою туралы ұйғарымдар берілді, әкімшілік айыппұлдар рәсімделді, - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

Әдеттегі заң бұзушылықтар - бұл өрт дабылы жүйесінің ақаулығы, бастапқы өрт сөндіру жабдықтарының жеткіліксіздігі және электр сымының жарамсыздығы.

Естеріңізге салсақ, осы жылдың наурыз айында Атырауда Геолог ауылдық округіндегі балабақшалардың бірінде өрт болып, екі қабатты ғимараттың төбесі толығымен жанып кеткен еді.

Фархат ӘБІЛОВ

12 қыркүйек 2019, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.