Атырау, 7 желтоқсан 02:54
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Сәбиге қол көтерген тәрбиеші жазаланды

3 596 рет қаралды


Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында қала маңындағы Жұлдыз ықшам ауданындағы жеке балабақша тәрбиешісіне қатысты іс қаралды. Ол кішкентай бүлдіршіннің бірін ұрып-соқты деп айыпталған еді. Сот-медициналық сараптама сәбидің жеңіл дене жарақатын алғанын және емделуге тура келгенін анықтады.

- Тәрбиешінің кінәсі бейнебақылау жазбаларымен дәлелденді. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабы бойынша (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) кінәлі деп танылып, оған 26 693 теңге көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлайды әкімшілік соттың баспасөз қызметінде.

Фархат ӘБІЛОВ

12 қыркүйек 2019, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.