Атырау МӨЗ-на ЛГ қондырғысының каталитикалық риформинг блогының пешіндегі ақауларды жойып, бензин өндіруді жалғастыру үшін 11 күн қажет болды.
6 қазан күні 5 сағат 40 минутта 41 жыл бұрын «Карл Либкнехт» бюросының (Магдебург қаласы, ГДР) жобасы бойынша салынған каталитикалық риформинг блогының пешінде тұрбалардың герметизациясы жойылды. Апат ЛГ блоктарын және бензин изомерлеуді толығымен тоқтатып тастады. Ал олар катализат пен изомеризат өндірмесе, бензин шығару мүмкін емес.
Ал АМӨЗ-де 2013 жылы желтоқсанда тапсырылу жоспарланған хош иісті көмірсутек өндіру кешенін салу шеңберінде каталитикалық риформингтің жылына 1 млн тонна катализатқа дейін өндіруге қабілетті ССR маркалы тағы бір қондырғысы қарастырылған. АМӨЗ бас инженері Денис КОЗЫРЕВТЫҢ айтуынша, ССR пайдалануға берілгеннен кейін зауыт басшылығы ескі және осал ЛГ-ні жаңартуды жоспарлап отыр.
11 күн ішінде жөндеу бригадалары тәулік бойына жұмыс істеді. Жөндеу жұмыстары 17 қазанда аяқталды. Таяу уақыттарда зауыт қондырғысы жоспарлы технологиялық режимге шығады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ