Атырау, 18 қараша 19:46
 ашықВ Атырау 0
$ 495.95
€ 524.37
₽ 4.98

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Болат Дәукеновке қарсы қылмыстық іс қозғалды

4 533 просмотра

Бүгін, 22 қазанда Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметі Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Болат ДӘУКЕНОВКЕ және «KAZCASPIAN INDUSTRIAL SERVICE» ЖШС директоры Рүстем АЛЬБАКАСОВҚА (Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтың күйеу баласы) қатысты екі қылмыстық істің қозғалғанын хабарлады.

17 қазанда Болат Дәукенов пен басқа да тұлғаларға қатысты «Бизнес-Көмек» Мемлекеттік қорынан ақшалай қаражатты ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қордан 2009-2011 жылдар аралығында мешіт құрылысы  үшін шаруашылық субъектілерінен демеушілік көмек ретінде жиналған 202 млн теңге ұрланған. Дәукенов 12 қыркүйекте қамауға алынды, қазір тергеу изоляторында («Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Болат Дәукенов ұсталды» мақаласын қараңыз).

2012 жылғы 18 қазанда Рүстем Альбакасовқа және Атырау қалалық әкімшілігінің лауазымды тұлғаларына қатысты мемлекет қажеті үшін жер телімдерін сатып алуға бөлінген 343 млн теңгені ұрлау фактісі бойынша  қылмыстық іс қозғалды. Альбакасовқа іздеу жарияланды («Қаржы полициясы іздестіруде»).

«Осылайша бүгінгі күні Атырау облысы әкімшілігінің лауазымды тұлғалары және мердігерлік ұйымдардың басшыларымен жасалған мемлекетке жалпы мөлшері 30 млрд теңгеден астам залал келтірген сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қозғалған 28 қылмыстық іс тергелуде. Қаржы полициясы органдарымен мемлекетке келтірілген залалды өтеуге бағытталған жұмыс атқарылуда. Құны 21 млрд теңгені құрайтын кезінде заңсыз жекешелендірген 13 объекті ерікті негізде мемлекетке қайтарылды», - делінген қаржы полициясының баспасөз релизінде.  

Бұдан бөлек, әрі қарай залалды өтеу мақсатынды тергеу-жедел тобымен мүліктің 298 түріне тыйым салынды. Олардың қатарында: 58 жер учаскесі, 126 бірінші және екінші кезектегі объектілер (әкімшілік ғимараттар, тұрғын үйлер, кеңсе ғимараттары мен пәтерлер), 5 коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу үлестері, 10 транспорттық құрал, 90 бірлік құрал-жабдық, жалпы соммасы 1 млрд. теңгеден асатын 9 банкілік есеп-шот бар деп хабарланады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

22 қазан 2012, 21:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.