Атырау, 26 сәуір 22:04
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қаржы полициясы органдарындағы жаңа тағайындаулар

4 825 просмотра
Мемлекет басшысының Өкімімен Шабақбаев Марат Несіпбекұлы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Шабақбаев Марат Несіпбекұл 1956 жылы дүниеге келген, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Ұлттық қауіпсіздік, прокуратуры орагандары мен Әділет министрлігінің орталық және жоғарғы басшылық құрамдарында жетекшілік лауазымдарда қызмет атқарған.
2012 жылғы қаңтардан Қаржы полициясы агенттігінің Арнайы департаментінің бастығы.
Айтжанов Дәулет Рымтайұлы ҚР ЭСЖКА Төрағасы орынбасарының лауазымынан босатылды. Ол Қостанай облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Оған қоса, Қаржы полициясы агенттігі Төрағасының бұйрығымен қаржы полициясының аумақтық департаменттері бастықтарының ротациясы жүргізілді.
Сабыржанов Жанұзақ Төлегенұлы Ақтөбе облысы бойынша ЭСЖКД бастығы болып тағайындалды. Ол Бұрын Қостанай облысы бойынша ЭСЖКД бастығы лауазымын атқарған.
Бұрын Ақтөбе облысы бойынша ЭСЖКД бастығы болып жұмыс істеген Шабдар Нұрлан Амангелдіұлы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ЭСЖКД бастығы болып тағайындалды.
Ақмола облысы бойынша ЭСЖКД бастығы Нәлібаев Мақсұт Ыбырайханұлы Жамбыл облысы бойынша ЭСЖКД бастығы болып тағайындалды, осы лауазымды уақытша атқарған Әлиханов Марат Тілеуқабылұлы Ақмола облысы бойынша ЭСЖКД бастығы болып тағайындалды.
Бұрын Алматы облысы бойынша ЭСЖКД бастығы болып жұмыс істеген Балтағұлов Айдар Ізбасарұлы Батыс Қазақстан облысы бойынша ЭСЖКД бастығы болып тағайындалды. Батыс Қазақстан облысы бойынша ЭСЖКД бұрынғы бастығы Садуақасов Талғат Бекбауұлы Алматы облысы бойынша ЭСЖКД бастығы лауазымына тағайындалды.
Маңғыстау облысы бойынша ЭСЖКД бастығының міндетін уақытша атқарған Әбілов Берік Рахатұлы осы департаменттің бастығы болып тағайындалды. 
Дереккөз: finpol.kz
22 қазан 2012, 19:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.