Қазақстан күштік құрылымдары лаңкестікпен күресте шетелдік әріптестерінің тәжірбиесіне сүйенуге дайын. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қабдулкәрім Әбдіқазымов Ұлыбритания мен Израильдің арнайы қызметі жұмысымен танысуды ұсынды, деп жазады «Экспресс К» газеті.
«Біз лаңкестікпен күресте тиімділікті арттыру бағытында одан әрі жұмыс жасаймыз. Бұл елімізде басқару және үйлестіру бағытын құру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Біріншіден - бұл терроризмнің алдын алу, ал одан келетін шығын мөлшерін азайту аймақтарда құрылатын терроризмге қарсы комиссияның әрекеті арқылы жүзеге асуы тиіс», деді ҰҚК төрағасының орынбасары.
Екіншіден, лаңкестікпен күресті орталық пен аймақтардағы жедел штабтар арқылы жүргізу керек, деп санайды күштік құрылым өкілі. Ол ұзақ мерзімді лаңкестікке қарсы стратегиясы бар Ұлыбритания елін мысалға келтірген.
«Ұлыбритания үкіметі екі жылдан бері Бангладеш, Үндістан, Индонезия және Пәкістан билігімен келісіп, бұл елдердің мешіттеріндегі исламның радикалдық бағыттары туралы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізе алатын имамдарды жұмысқа тартқан», дейді.
Оның сөзіне қарағанда, Ұлыбритания жыл сайын экстремистік идеялогияға төтеп беру мақсатында 90 млн фунт стерлинг жұмсайтынын айтты.
«Мемлекеттік органдарға лаңкестікпен күресте қолдау көрсетуге халықты ынталандыру - Израильдің контртеррористік стратегиясының бір бөлігі. Осы мақсатта үкімет бірқатар уақыттан беру халықтың лаңкестік қауіпке жедел әрекет етіп, дайындығын қалыптастыруға бағытталған бірқатар бағдарламаларды жүзеге асырып келеді», дейді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қабдулкәрім Әбдіқазымов.
Дереккөз: muslim.kz