AZATTYQ.ORG «Қытай қаупі және "жолайрықтағы Тоқаев"» - Осы аптада халықаралық басылымдар Қазақстандағы "Қытайға қарсы" наразылық шараларының түп-тамырына үңіліп, себеп-салдарын талдайды. Шетел басылымдары сонымен бірге "советтік мұраға қауіп төндірген" Қазақстандағы "тәуекелшіл де батыл жас буын" арасындағы айырмашылық пен ұқсастықтарды табуға тырысады.
«"Назарбаевтан құтылу, билікке - ультиматум". Екінші "Халық құрылтайында" не айтылды» - Қыркүйектің 7-сі күні Алматыда өткен екінші "Халық құрылтайында" белсенді азаматтар авторитаризмнен құтылу жолы, алғашқы Конституцияға оралу, парламенттік республика құру және өзге де мәселелерді талқылады.
«Сарапшылар: "Шын мәнінде масыл – халық емес, биліктің өзі"» - Қазақстан билігі тамызда атаулы әлеуметтік көмек алатындар санын жариялағанда кедейлік шегінде өмір сүретіндер саны бірер айда үш есе "өскені" белгілі болды. Азаттық сөйлескен сарапшылар үкіметтің әлеуметтік саясаты мен көмекке мұқтаж жұрттың "масылдығын" кінәлаған билікті сынайды.
«"Қаскөйлер, тұрақсыздықты көксейтін геосаясат". Тоқаев кімдерді меңзеді?» - Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен өзге де кей шенеуніктер Қытаймен бірлескен жобаларға қарсы елдің бірнеше қаласындағы наразылықты әлдебір күштермен байланыстырады. Бұған дейін Қытайдың Қазақстандағы елшісі де осындай пікір айтқан.
CAMONITOR.KZ. «Кейбір қазақ тілді БАҚ-тар және журналистер қалайша ксенофобия тұтатады» - Өткен демалыс күндері маған бір жарияланымға сілтеме жіберілген еді, ол нағыз қазақ әйелінің сұлулығы мен нәзіктігін бейнелейтін автордың фотосуретімен сүйемелденген. Кейін белгілі болғандай, ол ең танымал қазақ тілді блогерлердің «топ-10» құрамына кіріп, бұрын «Хабар» агенттігінде журналист болып және «Қазақстан» телерадиокорпорациясында аналитик (!) болып жұмыс істеген екен.
«Қазақстан орыс тілінде сөйлеуді тоқтатады ма?» - Осында өмір сүріп жүрген халықтарының тілдері күнін Қазақстан кезекті рет атап өтуде. Дәстүр бойынша олардың әрқайсысының маңыздылығы туралы және біздің елімізде тілдердің ешқайсысы ешқандай жағдайда кемсітілмейді деген көптеген әдемі сөздер айтылуда. Алайда, бұл пафос соңғы уақытта орыс тілін оның қазіргі конституциялық мәртебесінен айыру туралы күшейіп келе жатқан риторикамен мүлдем үйлеспейді.
DALANEWS.KZ. «Асхат Аймағамбетов: “Үлкен реформалардың қажеті жоқ”» - Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің tengrinews -ке берген көлемді сұхбатын Dalanews.kz тәржімалап шықты. Сұхбатта көтерілген көкейтесті мәселелерді қазақтілді оқырманның назарына ұсынамыз.
«Рақым Ошақбаев: “Зейнетақы қорының араны ашылып кеткен”» - Зейнетақы жүйесі табысының мардымсыздығы салымшылардың сенімін жойып отыр, деп мәлімдеді “Талап” қолданбалы зерттеу орталығының директоры Рақым Ошақбаев, деп хабарлайды Dalanews.kz.
INFORMBURO.KZ. «Қазақ жігіті 19 жасында АҚШ-қа кетіп, 40 адамды жұмыспен қамтитын бизнес құрып үлгерген» - Бала кезінен Джефф Безосқа қызыққан Серік Нью-Йорктегі өмірі мен бизнестегі жетістіктері жайлы informburo.kz тілшісімен бөлісті.