Атырау, 10 желтоқсан 23:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Қаржы полициясы Атырау облысындағы жемқорлық фактілері бойынша тағы екі қылмыстық іс қозғады

4 163 просмотра

Қаржы полициясы агенттігінің тергеу-жедел тобымен Атырау облысында сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша тағы 2 қылмыстық іс қозғалды.
17 қыркүйекте Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.Дәукеновке және басқа да тұлғаларға қатысты 2009-2011 жылдар аралығында «Бизнес-Көмек» Мемлекеттік қорына мешіт құрылысы  үшін облыс шаруашылық субъектілерінен демеушік көмек ретінде жиналған 202 млн.теңге ақшалай қаражатты ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ, 2012 жылғы 18 қазанда «KAZCASPIAN INDUSTRIAL SERVICES» ЖШС директоры Р.Альбакасовқа және Атырау қалалық әкімшілігінің лауазымды тұлғаларына қатысты мемлекет қажеті үшін жер телімдерін сатып алуға бөлінген 343 млн.теңгені ұрлау фактісі бойынша  қылмыстық іс қозғалды.
Осылайша бүгінгі күні Атырау облысы әкімшілігінің лауазымды тұлғалары және мердігерлік ұйымдардың басшыларымен жасалған мемлекетке жалпы мөлшері 30 млрд.теңгеден астам залал келтірген сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қозғалған 28 қылмыстық іс тергелуде.
 
Қаржы полициясы органдарымен мемлекетке келтірілген залалды өтеуге бағытталған жұмыс атқарылуда. Құны 21 млрд.теңгені құрайтын кезінде заңсыз жекешелендірген 13 объекті ерікті негізде мемлекетке қайтарылды.
Бұдан бөлек, әрі қарай залалды өтеу мақсатынды тергеу-жедел тобымен мүліктің 298 түріне тыйым салынды. Олардың қатарында: 58 жер учаскесі, 126 бірінші және екінші кезектегі объектілер (әкімшілік ғимараттар, тұрғын үйлер, кеңсе ғимараттары мен пәтерлер), 5 коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу үлестері, 10 транспорттық құрал, 90 бірлік құрал-жабдық, жалпы соммасы 1 млрд. теңгеден асатын 9 банкілік есеп-шот бар.
Сонымен қатар, лауазымды және басқа да тұлғаларымен жасалған заң бұзушылықтардың жолын кесу, залалды өтеу және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша жқмыс қолданыстағы заң аясында жасалып жатқандығын атап өтеміз.  
Дереккөз: finpol.kz
22 қазан 2012, 18:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.