Атырау, 26 желтоқсан 12:55
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Алматы облысында 9 жасар қыздың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

2 225 просмотра

Биылғы жылдың 29 қыркүйегінде Қарасай аудандық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне Үшқоңыр ауылының тұрғыны өзінің мектепке кеткен 9 жастағы қызы Жансаяның үйге қайтып оралмағаны туралы арыз түсірді.

Алматы қаласы және Алматы облысы ІІД қызметкерлері жұмылып жоғалған қыз баланы үш күн бойы іздестірді.

Полицейлер жергілікті тұрғындардың және қызметтік-іздестіру иттердің көмегімен елді-мекен аумағын тінту жұмыстарын жүргізді. Таныс отбасылар, оның ішінде жоғалған қызбен бірге оқыған сыныптастары, мектеп қызметкерлері, жақындағы ауыл тұрғындары, такси жүргізушілері және тағы да басқа адамдардан жауап алынды.

Биылғы жылдың 1 қазанында Үшқоңыр ауылының қараусыз қалған учаскелерінің бірінде кішкентай  Жансаяның зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіті табылды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 96-бабының 2-тармағы бойынша (зорлап өлтіру), 120-бабының 4-тармағы бойынша (кәмелеттік жасқа толмаған жәбірленушіні зорлау) қозғалған қылмыстық істі тергеу шеңберінде тиісті сараптама тағайындалып, сондай-ақ ауыр қылмысты жасағандарды анықтау және оларды ұстау бойынша арнайы іс-шаралар ұйымдастырылды.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған деген күдікпен 1954 жылы туған, жұмыссыз, Алматы облысы Балқаш ауданының тұрғынын тұтқындады. Қазіргі уақытта күдікті қолда бар айғақтардың арқасында өз кінәсін толығымен мойындады.

Тексеріс кезінде ол оқиға болған жерді көрсетіп, қорғаушысы мен куәгерлердің көзінше осы қылмысты қалай жасағанын айтып берді, сондай-ақ жәбірленушінің денесіне жарақаттарды қалай келтіргені туралы тергеуге беймәлім болып келген қосымша ақпарат берді.

Ұсталған тұлға бұрын-соңды осыған ұқсас қылмыстар бойынша екі рет сотталған (кәмелеттік жасқа толмағанды зорлау әрекеті). Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бірқатар қосымша сарапатамалар тағайындалды, оның ішінде соттық-медициналық, биологиялық, геномды, психологиялық және т.б сараптамалар бар. Осы факті бойынша тергеу жалғасуда және бұл іс Ішкі істер министрлігі басшылының жеке бақылауында тұр.

Дереккөз: mvd.gov.kz

22 қазан 2012, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.