Атырау, 18 желтоқсан 21:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Азия қаламгерлерінің форумына жұмсалған қаржы ақтала ма?», «Мұрат Әуезов: "Қытаймен қатынаста екі жақтың да мүддесін жақсы білу керек"», «Қоғам ашуын тудырған В.Божко отставкаға кете ме?», «Атамбаев ісі қалай жалғасып жатыр?».

3 489 просмотра

AZATTYQ.ORG «"Сайын өзі құлады деп айт". Бұрынғы тұтқынның түрмедегі азаптау жайлы әңгімесі» - Бұрынғы тұтқын Евгений Рычков Павлодар түрмесінде адам өлімімен аяқталған азаптау ісі бойынша куәгер болғанын, қылмысты жасыруға тырысқан билік әрекетіне наразы екенін айтады.

«Мұрат Әуезов: "Қытаймен қатынаста екі жақтың да мүддесін жақсы білу керек"» - Қазақстанның бірнеше қаласында "Қытайдың 55 жобасына" қарсылық акциялары өтіп жатыр. Билік бұл жоба аясында елде "жоғары технологиялық кәсіпорындар ашылып, 20 мыңға жуық қазақстандық жұмыспен қамтылады" дейді. Қытай дипломаты Қазақстандағы наразылықтың артында басқа күштер тұруы мүмкін деп санайды. Азаттыққа сұхбатында Қазақстанның Қытайдағы бұрынғы елшісі Мұрат Әуезов елдегі наразылық пен оның астары туралы айтты.

«Азия қаламгерлерінің форумына жұмсалған қаржы ақтала ма?» - Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Азия елдері қаламгерлерінің алғашқы форумына бюджеттен 281 миллион 35 мың теңге (726 мың доллар) бөлінген. Әлеуметтік желі қолданушылары кешеден бері форумға кеткен қаражат ақтала ма, ақталмай ма деген мәселені қызу талқылап жатыр. Азаттық форумға бөлінген қаржыға байланысты бірнеше ақын-жазушының ой-пікірін білді.

«Атамбаев ісі қалай жалғасып жатыр?» - Бішкек қалалық соты Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев қорғаушыларының апелляциялық шағымын қанағаттандырмады. Адвокаттар Атамбаевты үйқамаққа ауыстыруды және оны ұстауды заңсыз деп тануды сұраған.

«Қоғам ашуын тудырған Владимир Божко отставкаға кете ме?» - Қоғам мәжіліс депутаты Владимир Божконың отставкасын талап етіп жатыр. Оған себеп - Божконың "әлеуметтік көмек бергені үшін халық мемлекетке тізерлеп, алғыс айтуы керек" деген сөзі. Бұл үшін депутат халықтан кешірім сұрай ма?

ZHASALASH.KZ. «Моңғол жазушысы: Жұмаділов тарихты дұрыс оқымаған» - Бүгін Азия форуымының форсайт күні жазушы Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ Шыңғыс ханды "түркі" деп моңғол жазушысы Гун АЮРЗАНАНЫҢ қытығына тиген еді. Сол жөнінде «Жас АЛАШ» тілшісі Аюрзананың  пікірін сұрады. Моңғолиялық мейманның қасында ақын Сұраған РАХМЕТҰЛЫ отыр екен. Гун мырза орыс тілінде жауап берді.


6 қыркүйек 2019, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.