Атырау, 24 қараша 08:14
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Волгоградта 5 жасөспірім соғыс жылдарынан қалған минаға ұрынды

2 384 просмотра

АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Волгоград облысында 5 жасөспірім миномет снарядынан зардап шекті. Бұл туралы РФ Тергеу комитетінің бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс басқармасы хабарлады, деп жазды РБК.

Оқиға кеше орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, 10-16 жас аралығындағы жасөспірімдер Иловлин ауданындағы Сиротин аңғарынан Ұлы Отан соғысы жылдарында жасалған снарядты тапқан. Балалардың бірі табылған затты тасқа ұрған, соның салдарынан жарылыс болған.

Зардап шеккен бозбалалар түрлі деңгейдегі жарақаттармен Иловлин ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта дәрігерлер зардап шеккендердің бірінің жағдайын ауыр деп бағалауда, тағы біреуінікі - орташа ауыр. Қалған жасөспірімдердің өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. 

Волгорад облысы бойынша РФ Тергеу комитетінің тексеру органымен қосымша тексеру жұмыстары ұйымдастырылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

22 қазан 2012, 09:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.