АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Швецияның кейбір аумақтарында қазірдің өзінде табиғаттың ерекше құбылысы - «қанды жаңбыр» байқала бастады.
Синоптиктер «қанды жаңбыр» деп өте сирек кездесетін, сары-қызғылт түсті тамшыларды атайды.
Ғалымдар мен метерологтар жаңбырдың бұлай болуы Сахара шөлінен көтерілген шаңның араласуы деген пікір айтады. Дат метерологтары болса, сенбі, жексенбі күндері Швецияға осындай түстегі нөсер жауады деп хабарлап отыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат