Атырау, 5 желтоқсан 08:25
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Шахтер» футболдан 2012 жылғы Қазақстан чемпионы

1 822 рет қаралды

АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Қарағандылық «Шахтер» футболдан премьер-лига клубтары арасында Қазақстан чемпионатының 25-ші турында қызылордалық «Қайсар» командасынан 3:0 есебімен басым түсіп, 2012 жылдың чемпионы атанды.

Vesti.kz хабарлағандай, қарағандылықтар ойынның бірінші минуттарынан-ақ гол соғуға ұмтылып, 5-ші минутта пенальтиден көздеген мақсаттарына жетті.

Ойынның қорытындысы бойынша, қарағандылық команда қатарынан екі рет Қазақстанның чемпионы атанды.

Футбол. Премьер-лига. 25-ші тур "Шахтер" (Қарағанды) - "Қайсар" (Қызылорда) - 3:0 (0:0)
Голдар: Мақсат Байжанов, 50 (1:0); Мақсат Байжанов, 52 (2:0); Жамбыл Көкеев, 80 (3:0).
Іске аспаған пенальти: Роджер Хенао Каньяс, 5 ("Шахтер").

Дереккөз: ҚазАқпарат

22 қазан 2012, 08:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.