QAMSHY.KZ. «Мұхамеджан Тазабеков әлеуметтік желіде билікті неге сынамайтынын айтты» - "Неге халықты сабырға шақыра бересіздер, биліктің де қатесін айтпайсыздар ма?"
AZATTYQ.ORG «Жаңа бағыт айқындалмады. Сарапшылар жолдау жайлы»- Қыркүйектің 2-сі күні Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа алғашқы жолдауын жолдады. Сарапшылардың пайымдауынша, Тоқаев президент ретіндегі алғашқы жолдауында саяси реформалар туралы бағытын анық білдірмеді.
EGEMEN.KZ. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы» - Ақорданың баспасөз қызметі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтінін жариялады.
DALANEWS.KZ. «Кекілбаев пен Нұрқаділовке халық неге ренжіді?» - Дарынды журналист Батырхан Дәрімбеттің әр жылдары жазған мақалаларын жариялауды жалғастырамыз. Бұл жолы тілшінің қару-қаламына әйгілі жазушы Әбіш Кекілбаев ілігіпті.
«Дос Көшім: “Олар балалары мен немерелері үшін қорқады”» - Мойындауымыз керек, біз әлі күнге дейін ата-бабаларымыз аңсаған қазақ мемлекетін орнатқан жоқпыз. Ең қызығы, тәуелсіздігімізді жариялаған уақытқа дейін біздің еліміз Қазақ Советтік Социалистік Республикасы деп аталатын. Кеңес өкіметінің қатарында (шын мәнінде – ұлттық саясатта басқа ұлттар үшін Ресей империясының орыстандыру саясатын жалғастырушы өкімет) жүргенде, менің ойымша, біздің жүрегімізге қуат беретін де осы бір ауыз алдамшы сөз болатын.
«Хасен Қожа-Ахмет: “Қазақта оқыған көп, күрескер тапшы”» - Мынадай бір феномен бар, темекі шеккіштер, арақ ішкіштер өзгелерге «Мен сияқты болма!» – деп ақыл айтқанды ұнатады екен.
CAMONITOR.KZ. «Мемлекеттік қызметкерлер өз табыстарын және, ең бастысы, шығындарын жариялайтын болады ма?» - Алик Шпекбаев Елбасы мемлекеттік қызмет жүйесінде «клондау» қажет деп айтқан басшының бейнесін суреттеуге лайық мысал бола алады. Оның командасы да өзіне сай. Алайда, оларға тән стандарттардан тыс әдіс-тәсілдерге қарамастан, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы қызметі әлі де өзгерістерге ұшырауы тиіс.
INFORMBURO.KZ. «Зейнетке шығу үшін құжаттарды қалай дұрыс жинау керек?» -Informburo.kz зейнетке шығу тәртібі, зейнетақыны есептеу әдісі, құжаттар рәсімдеу мен зейнетақы төлемдері туралы нұсқаулық әзірледі.
«Қазақстанда ұлттық бренд жасап дамытуға болатын қандай тағам бар?» - 2008 жылы ұйым Францияның гастрономиялық мәдениетін Адамзаттың бейматериалдық құндылықтарының мұрасына қосқан.