Бүгін Палестинада жеті жылдан бері алғаш рет жергілікті заң шығарушы және әкімшілік органға сайлау өтуде. Дегенмен Палестинаның Ислам қозғалысы қарсылығы (ХАМАС) тобының қарсылық білдіруіне байланысты сайлау тек Иордан өзінінің батыс жағалауында өтіп жатыр. Газа секторында сайлау өтпейді, деп жазады Синьхуа.
Палестина орталық сайлау комитетінің мәліметіне қарағанда, 340 сайлау учаскесіне 500 мыңдай адам келіп дауыс береді деп күтілуде. Жергілікті заңшығарушы орган мүшелері мен әкімшілік органдар жетекшілері 4,7 мың кандидаттың ішінен сайланады.
Сайлауға кандидат ретінде қатысқан әйелдердің үлесі алғаш рет 25% жетті. Бұл 2005 жылдан бері Палестина жерінде өтіп отырған алғашқы сайлау. ХАМАС пен «Ислам джихады» және басқа да исламдық күштердің сайлауға қатыспайтынын мәлімдеген соң, негізгі тартыс ФАТХ қозғалысының жетекшісі М.Аббас пен Палестинаны азат ету ұйымдары фракциясы және тәуелсіз кандидаттар арасында өтпек.
Дереккөз: bnews.kz