QAZAQTIMES.COM. "Қасіретті 70 жыл: Совет Одағының 70% ядролық сынағы Қазақстанда жасалған" - Созылмалы залалы жеті ұрпаққа дейін жалғасатын бұл тақсірет құрбандарының нақты қысабын шамалау өте қиын. Тіпті билік жасыруға мүдделі де болуы бек мүмкін.
ZHASALASH.KZ. «Он үшінші министрдің оқулықтары – 2» - Оқулық дайындау жүйесінің дұрыс жолға қойылмағандығын министрдің өзі мойындапты. Министр білер-білмес, расында да, оқулық дайындау жүйесінде оқулық сапасынан өзге де мәселелер жеткілікті.
«Президент күйеу баласын орденмен марапаттады» - Тәжікстанды 25 жыл бойы үздіксіз басқарып келе жатқан, "ұлт көшбасшысы" атағына ие президент Эмомали Рахмон "Фароз" бизнес корпорациясының басшысы, күйеу баласы Шамсулло Сохибовті екінші дәрежедегі "Шараф" (Даңқ ордені) орденімен марапаттады. 29 тамызда өткен марапаттау рәсімі Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылған.
BAQ.KZ – «Қытай мектебіндегі білім: балалар 400 пән оқиды» - Қытайдың қалаларына турға шыққан қазақстандық оқушылар кеше Чэнду қаласындағы Tang Wai халықаралық мектебіне барды.
TTJK.KZ - «Мектепке жол» акциясы» - Акция Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) бастамасымен өткізіледі және Halyk Bank әдетте «Халық» қайырымдылық қоры арқылы қолдау көрсетеді. Ағымдағы жылы мектеп жинағын сатып алуға 8,5 млн. теңгеден аса ақша бөлінді.
«Halyk Bank көлік сыйлады» - Оралдық зейнеткер Зубайда Қонақбаева Халық банкінде кепілсіз кредит ресімдеп «Toyota Camry 70» темір тұлпарын ұтып алды. Ұтыс ойынның жеңімпазы 15 тамызда кездейсоқ сандарды таңдау әдісімен банктің желідегі ресми парақшасында тікелей эфир арқылы анықталды.
AZATTYQ.ORG - "Рамзан Қадыровтың мега мешіті" - Шешенстан президенті Рамзан Қадыров 23 тамызда, әкесі Ахмат Қадыровтың туған күні, Шали қалашығында бір мезетте 100 мың адам құлшылық ететін жаңа мешітті ашты. Шараға шетелдік қонақтар да қатысты. Мешіт құрылысы 2012 жылы басталған.
«"Әкесіне ұлын қарсы қойған" соғыстың құрбаны» - Ауғанстанда үкіметті қолдайтын аймақтық қолбасшы Баз Мухаммадты өлтірген Талибан жасағында оның ұлы болған. Өлерінен бірнеше сағат бұрын Азаттыққа сұхбат берген қолбасшы "әкесіне ұлын қарсы қоятын" соғысты тоқтатуға шақырған еді.
CAMONITOR.KZ – "Мемлекеттік қызметкерлер өз табыстарын және, ең бастысы, шығындарын жариялайтын болады ма?" - Алик Шпекбаев Елбасы мемлекеттік қызмет жүйесінде «клондау» қажет деп айтқан басшының бейнесін суреттеуге лайық мысал бола алады. Оның командасы да өзіне сай. Алайда, оларға тән стандарттардан тыс әдіс-тәсілдерге қарамастан, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы қызметі әлі де өзгерістерге ұшырауы тиіс.