Мәскеудің Дорогомиловский соты «Еуразия Логистик» компаниясының төрт жоғары лауазымды тұлғасын БТА Банкінен алаяқтық жолымен 730 миллион доллар ұрлады деп таныды.
Осылайша сот алаяқтық пен жалған құжат жасау айыбы тағылған фирманың бас директоры Александр Волковқа, осы ұйымның қаржы және экономика бойынша директорлары Артем Бондаренко мен Алексей Беловқа, сондай-ақ осы компанияның заңгері Денис Воротынцевке қатысты үкімді жариялауға кірісті.
Бұрын прокурор Волков пен Воротынцевке 12,5 жылға, Бондаренко мен Беловқа 9,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады сұраған. Өз кезегінде қорғаушы олардың әрекеттерінде қылмыс құрамы жоқ деп ақтау үкімін сұраған.
Дереккөз: newskaz.kz