Атырау, 26 желтоқсан 13:14
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Жаңаөзенде қанды қылмыстың беті ашылды

2 273 просмотра

Мұнайшылар қаласының екі тұрғыны 24 жастағы жігітті 50 теңге үшін өлімші етіп сабаған.

Күдіктілер қылмысын бірден мойындады. Айтуларынша, марқұм орынсыз жомарттық танытқан. Екеуінің дүкенде алып жатқан суына 50 теңгенің жетпегенін байқап, дүкеншіге өз қалтасынан төлей салыпты.

Сотқарлардың шамына тиген де осы екен. Содан жігіттің шыққанын күтіп, тепкінің астына алған. Ал орынсыз таяқ жеген Жаңаөзендегі жетімдер үйінің түлегі Александр Боженко, ауруханаға жеткенше жан тапсырды.

Десе де алғашында бұл оқиғаны "тапсырыс" дегендер де болды. Өйткені Александр Жаңаөзен оқиғасына қатысты сот ісінде басты куәгерлердің бірі екен. Күдіктілер марқұмның ұялы телефонын саудалап жүрген жерінде қолға түсіп отыр.

Күдіктілер:

- Дүкенде ақшамыз жетпей тұрғанда орыс бала келіп қалды. Осы үшін тұрсың ба дегендей 50 теңгені лақтыра салды. Сосын шетке шығарып алдық, ұрдық. Бірақ артық кетіп қалыппыз.

Дереккөз: nur.kz

19 қазан 2012, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.