Атырау, 18 желтоқсан 20:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Алғашқы советтік атом бомбасының өтеуі кейін белгілі болды», «Ресей қай жаққа қарай бұрылады және бұл Қазақстанға қалай әсер етеді?», «Қазақ қоғамы: жалған құндылықтар, жоғалтылған бағдарлар»,«Оңтүстік жастарын солтүстік пен шығысқа бұрудан не шықты?».

4 069 просмотра

AZATTYQ.ORG «Оңтүстік жастарын солтүстік пен шығысқа бұрудан не шықты?» - Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі жастарды елдің солтүстігі мен шығысындағы облыстарда оқытып, жұмыспен қамту жобасына бес жыл толды. Бірақ бағдарлама бойынша оқуға түскендердің басым көпшілігі туған жерлеріне қайтып кетіп жатыр.

«"Инспектор Нұрғалиевті өлтіру ісі" сотқа жетті. Алғашқы отырыс» - Тамыздың 27-сінде Қарағандыда биылғы қаңтарда «Охотзоопром» инспекторы Ерлан Нұрғалиевті өлтіру және оның әріптесі Петр Ницыкқа қастандық жасау ісі бойынша сот басталды. Зардап шегушілер жеті күдіктінің төртеуін заңсыз аңшылық үшін ғана емес, адам өлтіруге қатысу бабы бойынша да жауапқа тартуды сұрайды. Ал айыпталушылар қылмыстық бапты «денеге жарақат түсіру» бабына өзгертуді өтінеді.

«"Саяси тұтқындарды" босатуды талап еткен пикеттер жалғасып жатыр» - Тамыздың 26-сы күні Нұр-Сұлтанда Бәйтерек монументі алдында бірнеше белсенді пикетке шығып, саяси тұтқындарды босатуды, жемқорлық бабымен он жылдан бері қамауда отырған "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевті босатуды тағы талап етті. Елде биліктен "саяси тұтқындарды" босатуды талап еткен акциялар шілдеден бері өтіп жатыр.

«"Терроризмді насихаттағаны" үшін сотталған әйелдің түрмеден оралуы» - "Терроризмді насихаттап", "діни алауыздықты қоздырғаны" үшін түрмеге қамалған бұрынғы тұтқын экстремизмге қатысы жоғын, бұрынғы діни көзқарасы өзгермегенін айтады. Ол Азаттық тілшісіне колонияда басынан өткені, өз-өзіне қол салмақшы болғаны, әкелері түрмеде отырған балаларымен кездесуден кейін құрған жоспары жайлы баяндап берді.

«Арзамасоваға оқ атудың астарында не жатыр?» - Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің алдында белсенді Галина Арзамасоваға пневматикалық тапаншадан оқ атқан күдікті ұсталды. 22 жастағы күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалған. Қазір ауруханада жатқан Арзамасова бұл қастандықты азаматтық белсенділігімен байланыстырады.

«Алғашқы советтік атом бомбасының өтеуі кейін белгілі болды» - 1949 жылы 29 тамызда Совет одағы Семей полигонында алғашқы ядролық қару сынағын өткізді. Ал 1953 жылы сутегі бомбасын сынады. Семей полигоны 1991 жылы жабылғанға дейін онда 400-ден астам ядролық жарылыс (олардың 116-сы жер бетінде) жасалды. Полигон маңындағы тұрғын халық "жарылыстар зардабын әлі күнге тартып отырғанын" айтады.

CAMONITOR.KZ. «Ресей қай жаққа қарай бұрылады және бұл Қазақстанға қалай әсер етеді?» - Біз географиялық жағынан да, тарихи жағынан да бүгінде барлық күшімен бұрынғы ұлылығын қайта жаңғыртуға тырысып отырған Ресеймен байланысты болуымыз бұрыннан қалыптасқан нәрсе. Бұл бағыттағы белсенділіктін өсуі, әсіресе РФ саяси истеблишментінің риторикасын ескеретін болсақ, сұрақтар тудырмай қоймайды. Қазақстанға не күтуге болады және Ресейдің жақын көршілері болғандықтан осындай трендтерге байланысты сақ болуымыз керек пе? 

«Қазақ қоғамы: жалған құндылықтар, жоғалтылған бағдарлар» - Біздің еліміздегі қоғамдық өмір маңызды дағдарыстың белгілеріне ие болып отыр. Қазақстандық социум неғұрлым күрделі болып барады, ол бір жақтан екінші жаққа ауытықып жатқан, қайда жүзуді, қай жағаға тоқтауды білмейтін штурвалсыз кеме тәрізді көрінеді. Мұнын себебі неде және осы жағдайдан қалай шығуға болады? Бұл туралы біз шығыстанушы, жазушы және публицист Дастан Қадыржановпен сөйлесуді шештік.

«Ипотеканың қолжетімділігін қалайша қамтамасыз етуге болады?» - Көптеген қиыншылықтарға тап болған Қазақстанның ипотекалық нарығы жақында елеулі өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Қыркүйек айына қарай бейінді мемлекеттік органдар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша тұрғын үйге қолжетімділік мәселесін шешу үшін барлық тұрғын үй бағдарламаларын бірыңғай түсінікті тұрғын үй саясатына шоғырландыру жөнінде ұсыныс енгізуі тиіс. Бүгін бізде қонақта қаржыгер, экономист, FCCA Мұрат Темірханов, онымен бірге біз нарықтың барлық қатысушыларына - азаматтарға, банктерге, құрылыс салушыларға және, әрине, мемлекеттің өзіне ұнайтын жаңа мемлекеттік бағдарламаның қандай болуы керектігін түсінуге тырысамыз.


29 тамыз 2019, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.