Атырау, 3 маусым 05:12
 дождьВ Атырау +12.9
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

Қазақстан KEGOC-тың 10%-ға дейінгі акцияларын сатуды жоспарлауда

2 225 рет қаралды

Қазақстан келесі жылдың екінші тоқсанында KEGOC-тың 10%-ға дейінгі акцияларын сатуды жоспарлауда. Бұл туралы Reuters «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Бишимбаевқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұл 2013 жылдың екінші тоқсанына жоспарланып отыр, мен жоспар іске асады деген ойдамын», - деп атап өтті Бишимбаев.

«KEGOC компаниясымен бірге біз барлық негізгі мәселелерді шештік, компания дайын», - деп толықтырды ол.

Ол үкімет «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында мемлекеттік активтерді 10%-ға дейін сатуды жоспарлап отырғанын атап өтті. Бишимбаев сондай-ақ қарашаның алғашқы бес күнінде акциялар ҚазТрансОйл үшін IPO-ға ашық болатынын мәлімдеді.

«Біз бұған қол жеткізетінімізге сенімдімін», - деп түйіндеді ол.

Дереккөз: bnews.kz

19 қазан 2012, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.