Атырау, 30 желтоқсан 01:14
 ашықВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Жапонияның әділет министрі отставкаға кетпек

1 878 просмотра

Қылмыстық топпен байланысы болғанын мойындаған Жапонияның әділет министрі Кэйсю Танака отставкаға кету жөнінде шешім қабылдады, деп жазады Синьхуа.  

Естеріңізге сала кетейік, аз ғана уақыт бұрын қайта құрылған Жапонияның үкіметінде әділет министрі лауазымына ие болған Кэйсю Танака 12 қазанда өткен баспасөз мәжілісінде сөз сөйлеген кезінде жапондық мафияның бір тармағы – якудзамен байланысы болғанын мойындаған болатын. 

Министрдің қазіргі қызметіне көлеңке түсіретін мафиозды ұйыммен байланысы осыдан 30 жыл бұрын Йокогамада орын алған екен. Ол қылмыстық топ басшысының тойына құда жақтан қатысқан екен. Министрдің айтуынша, тойға қатысқан кезінде ол күйеу жігіттің якудзалар қатарынан екен білмеген.

Өткен өмірінің осындай оқиғамен «таңбаланғанына» К.Танака бірнеше мәрте кешірім сұрап, алайда соған бола министрлер кабинетінен кетуге мүдделі емес екендігін жеткізген болатын. Араға бес күн салып, министрдің осы шешімін өзгертуге не себеп болғаны белгісіз.

Дереккөз: bnews.kz

19 қазан 2012, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.