Атырау, 26 желтоқсан 18:47
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Абайсызда атылған оқ

2 489 просмотра

Кеше, 17 қазанда шекарашы сержант АК-74 автоматынан өз қызметтесін жаралап алды. Екеуі де «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғат қорғау резерватының маңындағы «Еуразия» шекара заставасының учаскесінде болған. Әскери қызметкерлер барлау іздеу тобының құрамында шекара маңындағы аймақты және мемлекеттік шекараның қорғалуына тексеру жүргізген екен.

Батыс өңірі әскери прокурорының орынбасары әділет майоры Руслан АЛМАХАНОВ ұсынған мәліметтер бойынша, шамамен сағат 14.30-да Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2016-әскери бөлімшесінде келiсiм-шарт бойынша әскери қызметін өтеп жүрген сержант Р.С. қаруды оқтамақшы боп, «абайсызда кездейсоқ оқ атып, сол әскери бөлімшеде келісім-шартпен қызмет етіп жүрген кіші сержант Н.У-ды жаралаған. Жапа шегуші Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді».

Дәрігерлер алынған зақымды «оқ сол жақ жамбасының төменгі жағын тесіп өткен және оң жақ жамбасының төменгі жағын жанап өткен жарақат» деп белгілеген. Қазіргі уақытта операциядан кейін оның денсаулығы «орташа тұрақты» деп танылды.

Облыстық аурухананың бас дәрігері Мұрат ҚҰЛБАСОВ:

- Иә, кеше түстен кейін жамбасының жұмсақ бұлшық ет тарамдарына оқ тиген жарақатпен әскери қызметкер түсті. Жаралының жағдайы қалыпты, ауруханада бір аптадай емделіп, шығатын болар.  

Сол күні бұл факт ҚР ҰҚК әскери полициясының 7-бөліміне тіркеліп, қазіргі уақытта тергеуге дейінгі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

18 қазан 2012, 22:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.