Атырау, 29 қараша 06:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Пара алғаны үшін жазаланды

2 827 просмотра

Маңғыстау және Атырау облыстары бойынша «Каспий» Аймақаралық көлік бақылау инспекциясының қызметкеріне пара алғаны үшін шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды.

Атырау қаласының үш тұрғыны Қаржы полициясының департаментіне көлік бақылау инспекциясының қызметкерлерінің олардан қорқытып пара алатынын қатар мәлімдеді. Инспекторлар арнайы көшпелі автоқосын боп табылатын қызмет көлігімен жүріп, Өзбекстан жақтан келетін жолаушылар автобустарының, жүк көліктерінің жүргізушілерінен үнемі пара алып тұрған. Есесіне олар заң бұзушылықтарға көз жұма қарап, заң бойынша тиесілі әкімшілік айыппұлдарды салмаған. Пара мөлшері заң бұзушылық түріне қарай (жүктің, габариттің нормадан асуы, жолаушыларды артық алу) 5 мыңнан 20 мың теңгеге дейінгі аралықта болған.

Көлік бақылау инспекциясының бас маманына қатысты 4 қылмыстық іс қозғалды. Жалпы сомасы 49 мың теңге мөлшерінде пара алудың бірнеше фактісі дәлелденді. Ол шартты түрде 3 жыл мерзім алды. Осыған ұқсас қылмыстары үшін Көлік бақылау инспекциясының тағы екі қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Оларға қатысты қылмыстық істер сотқа жолданды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

18 қазан 2012, 20:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.