Атырау, 26 желтоқсан 13:25
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Азиада ақшасы таланған

2 158 просмотра

Есеп комитетіне жаңадан келген Аслан Мусин есе қайырудың есебін тапқан сияқты. Мусин басқаратын комитет бір дегеннен Иманғали Тасмағанбетов басшылығымен салынған спорт нысандарына шүйлікті. Комитет таратқан ақпаратқа сәйкес, қысқы Азиада шығыны бір жарым миллиард доллардан асқан. Көлемді іс-шараға құртылған мемлекеттік қаржыны бір жарым жыл тексерген есепшілер көптеген заң бұзушылықтарды анықтаған екен.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің дерегіне жүгінсек, Қазақстан Азиадаға арнап жеті спорттық нысан салу үшін бюджеттен 30 миллард 480 миллион теңге бөлген. Алайда, кейін бұл сома 132 миллиард теңгеге дейін көбейген. Тексеріс кезінде анықталғандай, жоспардан тыс жұмыстар жасалып, спорт кешендерін салуға жұмсалатын қаржының көлемі тұрақты өсіп отырған. Сондай-ақ, бірқатар спорт кешені белгіленген сомадан көп қаржыға салынып, іс-шара үшін алынған керек-жарақтардың көбі кейін пайдаға аспай қалған. Мысалға, Астанадағы «Сарыарқа» велотрек кешенін салуға әуелі 12 миллиард теңге бөлінген. Кейін бұл нысанның құрылысына 20 миллиард теңге кеткен. Солай бола тұра, биылғы жылдың наурыз айында «Сарыарқа» кешенінің шатыры тесіліп, ішіне су өтіп кеткен болатын.

Дереккөз: 31 арна

18 қазан 2012, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.