Атырау, 18 желтоқсан 21:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Назарбаевтың "сиыр саудасы" және қызының "Швейцариядағы қамалы"», «Е.Жовтис: Қазақстанда саяси тұтқындар көбейіп келеді»,«Д.Сәтпаев зомби партиялар мен фейк депутаттарды әшкереледі», «Аштық жариялаған белсенділерді қамауға алып, айыппұл салды».

5 811 просмотра

AZATTYQ.ORG «С5+1. АҚШ-тың Орталық Азиядағы мүддесі қандай?» - Нұр-Сұлтанда АҚШ пен Орталық Азиядағы бес мемлекеттің жоғары лауазымды өкілдері қатысқан халықаралық жиын өтті. Азаттық сарапшылардан Ресей мен Қытай белсенді әрекет ететін аймақта АҚШ-тың қандай мүддесі болуы мүмкін екенін сұрап, пікірін білді.

«Аштық жариялаған белсенділерді қамауға алып, айыппұл салды» - 24 тамызда Нұр-Сұлтандағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты полиция департаментінен үш ай бұрын тәркіленген заттарын қайтаруды талап етіп аштық жариялаған белсенділерді жауапқа тартты. Үш адамды 5-20 тәулікке қамап, тағы үшеуіне айыппұл салды.

«Евгений Жовтис: Қазақстанда саяси тұтқындар көбейіп келеді» - Қазақстандық құқық қорғаушылар кеңесі түрлі қылмыстық іс бойынша қамауда отырған сегіз белсендіні "саяси тұтқын" деп таныды. Құқық қорғаушылар кеңесінің мүшесі Евгений Жовтис соңғы жылдары Қазақстанда көзқарасы, пікірі мен белсенділігі үшін түрмеге қамалғандардың саны артқанын айтады.

«Назарбаевтың "сиыр саудасы" және қызының "Швейцариядағы қамалы"» - Батыстың ақпарат құралдары Динара Құлыбаеваның "Женева кантонындағы 17 ғасырда салынған тарихи қамалды сатып алғанын", ал Назарбаевтың наразы әйелдерге "сиыр сатып алуды" ұсынғанын, Қазақстанның молдовалық бизнесмен Анатоль Статимен соттасу кезінде "жалтара бастағанын" жазды.

ABAI.KZ «Тарихи 26 тамыз жайында» - 26 тамыз – кеңестік қазақ мемлекетінің туған күні. Қазақ Республикасының. Біздің советтік мемлекетіміздің. Біздің бүгінгі Қазақстан Республикасы атты тәуелсіз мемлекетіміздің ізашары болған таптық мемлекеттік бірліктің дүниеге келген күні.

DALANEWS.KZ.  «Досым Сәтпаев зомби партиялар мен фейк депутаттарды әшкереледі» - Саясаттанушы Досым Сәтпаев “бұл жүйе өзгермей, парламенттік сайлаудан әділдік күтудің қажеті жоқ” дейді. 

«Қосанов: “Шенеуніктерге ұрыссын, бірақ халыққа…”» - Саясаткер Әміржан Қосанов Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты ой-пікірін ортаға салыпты.

CAMONITOR.KZ. «Қазақ қоғамы: жалған құндылықтар, жоғалтылған бағдарлар» - Біздің еліміздегі қоғамдық өмір маңызды дағдарыстың белгілеріне ие болып отыр. Қазақстандық социум неғұрлым күрделі болып барады, ол бір жақтан екінші жаққа ауытықып жатқан, қайда жүзуді, қай жағаға тоқтауды білмейтін штурвалсыз кеме тәрізді көрінеді. Мұнын себебі неде және осы жағдайдан қалай шығуға болады? Бұл туралы біз шығыстанушы, жазушы және публицист Дастан Қадыржановпен сөйлесуді шештік.


26 тамыз 2019, 15:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.