Атырау, 26 желтоқсан 13:00
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Жамбыл облысында Қазақстан әнұраны мазаққа қалды

3 196 просмотра

Соңғы уақытта мемлекеттік рәміздерге қатысты дау толастамай тұр. Мемлекеттік тумен қоқыс тасып, әнұранның орнына шетелдік әндердің орындалуы сынды сорақылықтан кейін де сабақ алмаған мекемелер бар болып шықты.

Фото: 31 арна
Фотоcурет 31 арна сайтынан алынды

Солардың бірі Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық және әкімшілік сот ғимараты. Мұнда әнұран орыс тілінде ілініп, масқара болған.

Төрелікті төбеден айтатын сот қызметкерлерінің бұл әрекеті түсінбеушілік туғызады. Бәрі де әнұранды біліп жүрсін десе керек, ресми тілде сөйлейтіндерге де жағдай жасап қойыпты. Өкініштісі сол, заңды бес саусағындай білетін қызметкерлер, бұл әрекеттің заңға қайшылығынан хабарсыз болса керек.

Бір қызығы, тексеруші органдар тарапынан болған тексеріс кезінде бұл дөрекі заңбұзушылыққа назар аударылмапты. Енді мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетпеген мекемеге тиісті органдар тарапынан тексеру жүргізіліп, заңды жауапқа тартылуы тиіс.

Дереккөз: 31 арна

18 қазан 2012, 17:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.