Атырау, 27 желтоқсан 02:13
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Ұлттық банк шағын несие ұйымдар қызметін қадағалайтын болды

2 465 просмотра

Шағын несие ұйымдарының қызметін енді Ұлттық банк қадағалайтын болды. Бүгін ҚР Парламенті Сенат отырысында ұсынылған «Микроқаржы ұйымдары туралы» заң жобасында осылай деп көрсетілген.

Жаңа құжат екінші оқылымда қабылданды. Қазір  елімізде 900-ден астам шағын мөлшерде  несие беретін ұйымдар бар. Бірақ олардың қызметі осы күнге дейін ешбір мемлекеттік органмен қадағаланбай келген. Енді бұл құзыретті Ұлттық банк алып отыр. Сонымен қатар, микрокредиттік ұйымдар 2016 жылға дейін Кредиттік бюрода «микроқаржы» ұйымы ретінде тіркелулері қажет. Осылай Ұлттық банк «қарапайым халықтың мүддесін қорғай аламыз» дейді.

 Данияр АҚЫШЕВ, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары:

 - Осы күнге дейін микрокредиттік ұйымдар жоғарғы жарнамен несие беріп келген. Сонымен қатар халықтың кепілдікке қойған мүлкін тартып алып келді. Осылайша халықтың мүддесі қорғалмай келді. Енді бұл заң осы жайттардың бәрін реттейтін болады.

Дереккөз: 24.kz

18 қазан 2012, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.