Атырау, 22 қараша 07:24
 ашықВ Атырау +6
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Қазақстандықтар өздері туралы ақпаратты жариялайтын сайтты жабуды сұрайды

2 318 просмотра

Қазақстандық тұрғын "spravkaru.net" атты сайтты жауып тастауды талап етіп отыр. Өйткені бұл ресурс өзі туралы бар ақпаратты елге жайып отырған көрінеді. Өз қауіпсіздігіне алаңдаған тұрғын ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбайдың ресми блогына хат жолдап, осындай өтініш жасапты.

Бұл сайтқа кіріп, Қазақстанның бір қаласын таңдап, сол қаладағы үй телефонының нөмірін терсеңіз, үй иесінің аты-жөні мен нақты мекен-жайын алдыңызға жайып салады. Осыны байқаған қала тұрғындары "Қазақтелекомға" шағымданып талай хабарласқан көрінеді. Бірақ одан еш нәтиже болмаған. Мәдениет министріне үшбу хат жолдаған Юлия есімді азаматша осылай дейді.
"Азаматтардың мекен жайы, телефоны туралы ақпарат ашық түрде қолжетімді болғаны дұрыс па? Өзім туралы ақпараттың ашықтан-ашық ғаламторда жүруі қауіпті деп ойлаймын. Өзімнің және біз тұратын үйдің атынан бұл мәлесенің шешілуін сұраймын. Өзіміз жайлы ақпаратты жариялап жатқан сайтты жабуды ұсынамыз"- деп жазған ол. Жалғыз Юлия емес, аталмыш сайтқа «өкпесі қара қазандай болғандардың» қарасы көп екен.
Алайда бұл Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзырындағы шаруа емес көрінеді. Министрдің жауабында осылай делінген. Бұл мәселемен айналысу ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің міндеті екен. Сондықтан, жауапта хат иесіне аталмыш министрлікпен байланысу нұсқалған.

Дереккөз: baq.kz

18 қазан 2012, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.