Атырау, 22 қараша 08:45
 ашықВ Атырау +6
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Қытайдағы қазақтар ұлтты қорлаған жазушымен соттаспақшы

2 061 просмотра

Қытайдағы қазақ жастары қазақты қорлап шығарма жазған қытай жазушысымен соттаспақшы.

Ғаламторды кезіп кеткен кейбір сөздерге қарағанда, арғы беттегі қазақ жастар ереуілге шығуға да дайын көрінеді. Бірақ бұл ереуілден ол жақтағы бауырларымыздың ұтпасы анық. Қытай билігінің  мемлекет тұтастығына қатысты ұстанған қатаң саясатын есепке алсақ, ереуілдің ақыры ұлт намысын ту етер жеңіспен аяқталмауы әбден мүмкін.

Сондықтан қаны қызған қазақ жастары қытайдың өз заңымен, өз тәртібінің аясында қимылдағаны абзал. Әсілі, қытайда аз санды ұлттарды кемсіткен, қорлаған шығармаларды баспадан шығару қылмыс болып табылады.

"Бұл турасында қытайдың Қылмыстық істер заңының 250-ші бабына сүйенген жөн", - дейді Masa.kz редакциясына  хабарласқан авторлардың бірі.

250-ші бап бойынша, Баспадан жарық көрген шығармалар аз ұлттарды кемсіткен, қорлаған мазмұндағы материалдарды жариялап, қоғамда нашар ықпал қозғап, ауыр зардап тудырса, тікелей жауапкерге үш жылдан төмен қамақ жазасы, қолда ұстай тұру және шектеу шаралары беріледі екен.

Соған қарағанда,  "қазақтың меймандостығы мен қонақжайлылығы сондай -  қытай қонағының қойнына оң босағада отырған қызын салып береді" деп албаты сөйлеген жазба авторы ҚХР Қылмыстық істері заңымен жазалануы керек.

Дереккөз: nur.kz

18 қазан 2012, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.