Атырау, 20 сәуір 21:28
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Іле-Алатау бағындағы қылмысқа қатысы бар күдіктілер әлі ұсталған жоқ

1 958 просмотра

Іле-Алатау ұлттық бағында бірнеше кісіні өлтіруге қатысы бар күдіктілер әлі ұсталған жоқ, деп хабарлады ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

«Жоқ, әзірге біз іздестіріп жатқан адамдар ұсталған жоқ. Шаралар қабылдап жатырмыз, полиция құрамы жұмыс істеп жатыр», - деді ол қылмыскерлердің сипаттамалары туралы ақпарат көрші мемлекеттердің құқық қорғау органдарына да жіберілгенін айта отырып.

Бұрын хабарланғандай, 13-14 тамызда Алматы облысындағы орман шаруашылығының аумағында 11 адамның мәйіті табылған, оның бірі ұлттық бақтың қорықшысы Панайот Захаропулоның денесі болған. ТЖ орнынан Nissan Patrol, ВАЗ-21213 және УАЗ автокөліктері табылды. 28-тамызда орманшының үйінен тағы бір адамның сүйегі табылғаны мәлім болды.

ҚР ҚК 96б. 2т. бойынша (екі не одан да көп кісі өлімі) қылмыстық іс қозғалды. Істі тергеуді ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Тыныбеков басқарады. Бұған қоса, Іле-Алатауы ұлттық табиғи бағының қаза тапқан орманшысының 51-жастағы ұлы Игорь Захаропулоны іздестіру әлі жалғасуда.

Ұлттық бақ аумағындағы жаппай кісі өліміне байланысты 18-тамызда жоғарғы кордон орманшысы Алексей Шкилев тұтқындалды. Оған заңсыз қару сақтады деген айып тағылды. Үйінен табылған өртенген екі қару оқ атуға жарамды болуы мүмкін деген күдік пайда болды. Адвокаттың айтуынша, қарулардың орманшыға тиесі екені әлі дәлелденбеген.

Қарасай аудандық соты А.Шкилевты 2 айға қамауға алуға санкция берді. Алматы облыстық соты бұл қаулыны күшінде қалдырды.

Қырқүйек айының соңында Іле-Алатау ұлттық бағындағы жаппай кісі өлтіру қылмысы бойынша исламның радикалды ағымын ұстанушылар – Батыс Қазақстан облысының тумасы Саян Хайров пен Жамбыл облысының тумасы Заурбек Ботабаев іздеуге жарияланды.

Дереккөз: kaztag.kz

18 қазан 2012, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.