Атырау, 18 желтоқсан 21:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«"Екі сиыр сатып ал да өзіңді асыра!" Назарбаев сөзінің қисыны қандай?», «"Қол сұғуға жол бермейміз". Apple, Google мен Mozilla қазақстандық "қауіпсіздік сертификатын" бұғаттады», «Жаңа саяси кезеңдегі қауіп факторы мен "ойын" ережесі».

7 331 просмотра

AZATTYQ.ORG «Жаңа саяси кезеңдегі қауіп факторы мен "ойын" ережесі» - Қырғызстанның бұрынғы президентін ұстап, қамаумен аяқталған Кой-Тоштағы соңғы оқиға Алмазбек Атамбаев пен қазіргі билік арасында бір жарым жылға созылған саяси процестің қандай нәтижеге әкелгенін көрсетті. Атамбаевтың мәселесі енді құқықтық сипат алды. Бұл тартысты бақылаған сарапшылар "елдегі саяси ахуал жаңа кезеңге өтті" деп есептейді.

«"Қол сұғуға жол бермейміз". Apple, Google мен Mozilla қазақстандық "қауіпсіздік сертификатын" бұғаттады» - Үш апта бұрын Қазақстан билігі "сынақтан сәтті өтті" деп хабарлаған қауіпсіздік сертификаты тағы да әлемдік баспасөздің басты жаңалығына айналды. Тамыздың 21-і күні батыстың интернет саласындағы үш ірі компаниясы шілде айында Қазақстан билігі елде жаппай енгізбек болған Qaznet Trust Network сертификатын өз браузерлерінде бұғаттайтынын хабарлады.

«"Екі сиыр сатып ал да өзіңді асыра!" Назарбаев сөзінің қисыны қандай?» - Қазақстанның бұрынғы президенті, "Нұр-Отан" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның кеңейтілген отырысында сөзі қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр. Бүгін Астана уақытымен 14:30-да басталатын AzattyqLIVE тікелей эфирінде Қазақстанның бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі, саясаткер Балташ Тұрсымбаевпен экс-президент сөздерін талқылаймыз.

«"Бұлай өмір сүруге болмайды". Шеруге шығып, тергеуге алынды» - Билік рұқсат етпеген митингілерге қатысқаны үшін бірнеше рет ұсталған алматылық кәсіпкер жақында өзіне қарсы қылмыстық іс қозғалғанын білген. Ол қазақстандық сот "экстремистік" деп танып, тыйым салған ұйымның қызметіне қатысқан деген күдікке ілінген.

DALANEWS.KZ «Арон Атабек: “Ұлтшылмыз деп жүрген біраз азамат бізді сатып кетті”» - Арон Атабектің абақтыға қамалар алдындағы осы сұхбатын архивте шаң басып жатқан жерінен аршып алдық. Шаңырақ оқиғасынан бұрын «Азат» қозғалысы құрылған жылдарды еске алған ақын, диссидент, саяси һәм қоғами қайраткер Арон Атабек тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы алмағайып кезеңге егжей-тегжейлі тоқталған екен.

ZHASALASH.KZ «Сенімнен айырылғандар» - Тоқсаныншы жылдардың соңында жемқорлыққа байланысты қылмыстық істер қозғала бастады. Солардың бір тобын біле жүріңіздер. Ең шулы іс Міндетті медициналық сақтандыру қорынан қомақты ақшаның жымқырылуы еді. Бұл қордың сол уақыттағы бұрынғы директоры Талапкер Иманбаев кінәлі деп танылған. Оған қылмыстық топ құрды және 1996-1997 жылдары қызметін асыра пайдаланып, мемлекеттік мекемеге 906, 5 млн теңге зиян келтірді деген айып тағылған. 1998 жылдан бері халықаралық іздеу жарияланған. Сыртынан тоғыз жылға дүние мүлкін тәркіленсін деп сотталған. Қазір шетелде жүр.

«Айсұлтан Назарбаевпен айтысқан Қожағапанов әкім орынбасары болды» - Ерлан Қожағапанов Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы «Жас АЛАШ» Алматы қаласы әкімдігініңресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.


20 тамыз 2019, 17:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.