Атырау, 2 желтоқсан 01:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

«Біз қарсымыз!»

2 980 просмотра

20 қазанға белгіленген Қала күнінде Қайырғали Смағұловатындағы желекжолда, Алмагүл ықшам ауданы мен Балықшы поселкесінде 12 жаттығу құрылғыларынан тұратын үш спорт алаңын ашу басты оқиғаға айналмақ. Ашық аспан астындағы жаттығу құрылғылары қала тұрғындарына тегін пайдалануға арналған.

Қ. Смағұлов желекжолына шектесіп жатқан Молдағалиев көшесінің бойындағы 9 қабатты №7 үйдің тұрғындары бұл нысанның салынуына наразылықтарын білдірді. Олар құрылысқа тапсырыс беруші болып табылатын «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ-не және жергілікті БАҚ-тарға шағымданды.

№7 үйдің 80 жастағы тұрғыны Василий Михайлович былай дейді: «Жылы уақытта біздің тереземізден бірнеше аттам жерде күні-түні үрлемелі батут жұмыс жасап тұрғанда шыдап бақтық. Кешке және түнде бұл жерге жасөспірімдер жиналып, ашық тұрған терезеден айқай-шу мен балағат сөздер естілетін. Енді тағы да ұйқысыз түндер басталатын болды».

80 жастағы Сәбила Жұмаева: «Біздің үйде емшектегі сәбилері, зейнеткерлері бар отбасылар көп, олардың ішінде тыныштықты қажет ететін науқастар да бар. Олар туралы неге ойламаған? Қала ішінде анағұрлым лайықты орын болмағаны ма? Міндетті түрде алаңды біздің тереземіздің дәл түбінен салу керек пе?».

«Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ бастығы Жұмабай ҚАРАҒАЕВТЫҢ айтуынша, қалалық әкімдік №7 үй тұрғындарымен келісімге келіп, жаттығу құрылғылары бар алаңды бастапқы жерден 20 метрге ығыстырыпты. Ал қалғаны бұрынғыша қалады. Өйткені, ол айтқандай, «Смағұлов атындағы желекжол қалаға тиесілі».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

17 қазан 2012, 23:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.